Келесі талап — мұнай саласында АҚШ-пен іс жүзінде эксклюзивті әріптестік орнату. Ауыр мұнайды сатуда басымдық америкалық тарапқа берілуі қажет.
Келіссөздерге жақын дереккөздердің айтуынша, мемлекеттік хатшы Марко Рубио Конгресс мүшелеріне арналған жабық брифингте Вашингтонның қысым тетіктері бар екенін мәлімдеген. Себебі Венесуэлада барлық мұнай танкерлері толып тұр, ал жиналған қорды жедел сатпаса, ел бірнеше апта ішінде қаржылық дағдарысқа ұшырауы мүмкін.
Бұл ұстанымды Сенаттың Қарулы күштер жөніндегі комитетінің төрағасы Роджер Уикер де растады. Ол ABC News-ке берген сұхбатында АҚШ жоспары әскери операцияға емес, венесуэлалық мұнай мен логистиканы бақылауға бағытталғанын ашық айтты.
«Мәселе — мұнай, кемелер мен танкерлерді бақылауда ұстау. Бірде-бір танкер, мысалы, Гаванаға кетпеуі керек», — деді Уикер.
Оның айтуынша, барлық танкерлер қазірдің өзінде толып, қозғалыссыз тұр. Ақ үй бұл мәліметтерді жоққа шығарған жоқ. Әкімшілік өкілі президент Венесуэла жүйесінің қалған элементтеріне «барынша қысым көрсету» саясатын ұстанып отырғанын айтты. Бұл АҚШ-пен ынтымақтастық, заңсыз көші-қон мен есірткі тасымалына қарсы күрес және мұнай инфрақұрылымын қалпына келтіру үшін қажет деп түсіндірілді.
Ал Мемлекеттік департамент журналистердің сауалына жауап бермеді.
Уикердің сөзінше, Венесуэла қазіргі таңда техникалық тұрғыдан да мұнай өндіруді арттыра алмайды.