Желтоқсан айында Ұлттық қордан 400 млн доллар сатылды. Бұл қаражат республикалық бюджетке трансферттерге және «Талдықорған – Үшарал» газ құбырының құрылысына бағытталған. 2025 жылы Ұлттық қордан сатылған валютаның жалпы көлемі 8,2 млрд долларға жеткен.
Ал 2026 жылдың қаңтарына Үкімет 350–450 млн доллар аралығында валюта сату туралы өтінім берген. Сонымен қатар Ұлттық банк желтоқсан айында «айна операциялары» аясында 475 млрд теңге стерилизацияланғанын, ал 2025 жылы алтын-валюта резервтерінен жалпы 7 млрд доллар сатылғанын хабарлады.
2026 жылдың бірінші тоқсанында нарықтағы артық өтімділікті азайту мақсатында шамамен 1,1 трлн теңгеге тең шетел валютасын сату жоспарланып отыр. Айта кетейік, желтоқсан айында валюта интервенциялары жүргізілмеген, ал квазимемлекеттік сектор тарапынан нарыққа 315 млн доллар көлемінде экспорттық түсім түскен.