weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

2025 жылы балаға ең көп қандай  есімдер қойылды?

ҚР Ұлттық статистика бюросы 26 желтоқсанда жыл қорытындысы бойынша қызықты деректерді жариялады. Ведомство мамандары 2025 жылы Қазақстанда жаңа туған сәбилерге ең жиі қойылған есімдерді атады, деп хабарлайды newsroom.kz.

2025 жылы балаға ең көп қандай  есімдер қойылды?

Статистикаға сүйенсек, 2025 жылы ұл балалар арасында Мұхаммед, Алихан, Айсұлтан, Омар және Алдияр есімдері ең танымал болды. Бұл тізім 2024 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгермеген. Аймақтар бойынша алғанда, Мұхаммед пен Алан есімдері көш бастап тұр.

Ал қыз балаларға көбіне Айлин, Асылым, Медина, Айша және Томирис есімдері берілген. Аймақтық көрсеткіштерге назар аударсақ, Айлин есімі ерекше танымал: елдегі 20 өңірдің 16-сында дәл осы есім бірінші орынға шыққан. Қыздар арасындағы үздік бестік те былтырғы көрсеткіштермен сәйкес келеді.

Сондай-ақ этностық ерекшеліктер де назардан тыс қалмаған. 2025 жылы орыс ұлты өкілдері арасында Ева мен Мирон есімдері жиі таңдалса, өзбек ұлтының арасында Мухаммад пен Хадича есімдері ең танымал болған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→