weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Киік пен барыс қалтада: Қазақстанның сирек жануарлары бейнеленген монеталар шықты

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі «Қазақстанның жануарлар әлемі» сериясымен жаңа биколорлы монеталарды айналымға шығарды.

Киік пен барыс қалтада: Қазақстанның сирек жануарлары бейнеленген монеталар шықты
• Фото: ҚҰБ.

Жинаққа еліміздің фаунасындағы бірегей бес жануар енді. Олар — киік, арқар, қар барысы, дуадақ және сұңқар.

Жаңа 100 теңгелік монеталар нибрасс пен нейзильбер қорытпаларынан жасалып, біртұтас стильде безендірілген. Әр монетаның салмағы — 6,45 грамм. Әр түрі 3 миллион данамен шығарылған, жалпы тираж — 15 миллион дана.

Бұл монеталар коллекциялық емес, Қазақстан аумағында еркін айналымға арналған.

Ұлттық банктің коллекциялық монеталарын жоғарыдан көруге болады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→