weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Аңшылық кезінде бес баланың әкесі оққа ұшты: мәйітті бірнеше сағат жасырған

Маңғыстау облысында аңшылық кезінде 39 жастағы ер адам оққа ұшты. Қайғылы оқиға туралы марқұмның отбасы Threads әлеуметтік желісінде мәлімдеді. Жақындарының айтуынша, қылмысты жасыру мақсатында ер адамның мәйіті бірнеше сағат бойы көлікпен тасылған, деп хабарлайды newsroom.kz.

Аңшылық кезінде бес баланың әкесі оққа ұшты: мәйітті бірнеше сағат жасырған
Фото: iStock.com

Отбасының сөзінше, қылмыс ізін жасыру үшін қаза тапқан Аслан Қыдырбаевтың (марқұм — ред.) үстіндегі жылы киімі (камуфляж) шешіліп, денесі теңіз суымен жуылған. Одан кейін сол күні шамамен сағат 23:30-ға дейінмәйітті А.Жалбағаевтың пикабының жүк салғышына жүк сияқты тиеп, бірнеше сағат бойы алып жүрген. Ақырында, істеген әрекеттерін жасырудың басқа жолын таппай, марқұмның денесін Ақтау қаласындағы №26 қалалық ауруханаға жеткізген.

Туыстарының мәліметінше, трагедия «Кендірлі» демалыс аймағының аумағында болған. Қаза тапқан Аслан Қыдырбаев бес баланың әкесі, отбасының негізгі асыраушысы болған. Оқиға кезінде оның жанында бір-біріне туыс болып келетін үш аңшы жүрген.

Полиция аталған дерек бойынша қасақана адам өлтіру және аса ауыр қылмысты жасыру баптары бойынша қылмыстық іс қозғады.

Күдіктілердің біреуі тергеу изоляторына қамалса, қалған екеуі үйқамаққа алынған. Марқұмның туыстарын әсіресе қылмыс қаруының тағдыры алаңдатып отыр. Күдіктілердің нұсқасы бойынша, оқ атылған мылтық суға түсіп кетіп, әлі күнге дейін табылмаған. Жақындары тергеу әдейі созылып, жеткілікті деңгейде жүргізілмей жатыр деп қауіптенеді.

«Үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасына қарамастан, аталған тұлғалар заңда белгіленген шектеулерді өрескел бұзып, қала ішінде еркін жүр. Бұл бізді қатты алаңдатады. Қылмыс жасалғанына бір айға жуық уақыт өтсе де, тергеу органдары А.Қыдырбаевты өлтіруге қолданылған қаруды іздеу бойынша нақты шаралар ұйымдастырған жоқ», — дейді марқұмның туыстары.

Ал өңірлік полиция департаменті тергеу жалғасып жатқанын ғана мәлімдеді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→