weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қарт әкесін аяусыз ұрған түркістандық соттала ма? Тергеу аяқталды

Түркістан облысында қарт әкесіне күш көрсеткен ер адамның ісі сотқа жолдануға жақын. Қоғамда үлкен резонанс тудырған қылмыстық оқиға бойынша тергеу амалдары аяқталды.

Қарт әкесін аяусыз ұрған түркістандық соттала ма? Тергеу аяқталды

40 жастағы азамат жұбайымен бірге ұзақ уақыт бойы егде тартқан әкесін қорлап, соққыға жығып келген. Кей деректерге сәйкес, ол қарияны бірнеше рет қатты сабап, қанға бояп, аулада сүйреген.

Оқиғаның сұмдығын көршілерінің бірі бейнежазбаға түсіріп, оны полицияға тапсырған. Ұзақ уақыт көрген қорлығы мен алған жарақаттарының салдарынан қарт адам желіде тараған видеодан кейін көп ұзамай көз жұмды. Тергеу барысында зорлық-зомбылық әрекеттерінің жүйелі түрде жасалғаны және кей кездері кәмелетке толмаған балалардың көзінше орын алғаны анықталды.

КТК телеарнасының хабарлауынша,тергеу шамамен үш айға созылып, марқұмның өлімінің нақты себептерін анықтау мақсатында мәйітті эксгумациялау шаралары да жүргізілген.

Нәтижесінде Түркістан облысының тұрғынына Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылды: дәрменсіз жағдайда қалған адамды азаптау және денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру. Айып дәлелденген жағдайда, ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бұған дейін бұл оқиға туралы толығырақ жазғанбыз.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→