weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ресейде тұрғын әр сантиметр мен әр минут үшін соттасып жүр

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Михаил есімді тұрғын екі бірдей ерекше іс бойынша сотқа жүгінді. Ол әділдік үшін әр миллиметр мен әр минутты есепке алуға дайын екенін көрсетті.

Ресейде тұрғын әр сантиметр мен әр минут үшін соттасып жүр
Фото: ЖИ

Алғашқы талап-арыз скотчқа қатысты. Михаил дүкеннен ұзындығы 2 метр деп көрсетілген 13 орам скотч сатып алған. Алайда рулеткамен өлшеп көргенде, әрқайсысы белгіленген мөлшерден қысқа болып шыққан. Сатушыға және полицияға жүгінгенімен, мәселе шешілмеген соң ол сотқа арыз түсірді. Ер адам ақшасын қайтаруды, 406 рубль айыппұлды, 10 мың рубль моральдық өтемақыны және тұтынушы құқығын бұзғаны үшін қосымша айыппұл өндіруді талап етіп отыр.

Екінші іс қоғамдық көлікке байланысты. Михаил №486 бағытындағы автобусты ұзақ күткен, бірақ ол мүлде келмеген. Жаңбыр астында тоңып тұрған ол ақыры такси шақыруға мәжбүр болып, 1330 рубль төлеген. Енді ол тасымалдаушы компаниядан такси шығынын, 4 мың рубль моральдық өтемақыны және айыппұл өндіріп алмақ.

Қазіргі таңда екі талап-арыз да сот өндірісіне қабылданған.

Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→