Әйелдің айтуынша, түнгі сағат 03:13 шамасында ол үйіне келіп, жуыну бөлмесінен шыққан соң бөлмеге кірген кезде терезенің тура алдында белгісіз ұшқышсыз құрылғыны көрген. Дрон шамамен тоғызыншы қабат деңгейінде, терезеден бірнеше метр қашықтықта 10–15 минуттай қозғалыссыз тұрған.
Тұрғын қатты қорыққанын айтып, уақытты белгілеп отырған. Сағат 03:24 шамасында ол полицияға қоңырау шалған. Сол сәтте дрон ұшып кеткен, оның қай бағытқа кеткені байқалмаған.
Кейін оқиға орнына учаскелік полиция қызметкерлері келген. Әйел ресми арыз жазған. Қазіргі уақытта жағдайға қатысты тексеру жүргізіліп жатыр.
Алматы қалалық полиция департаменті оқиғаға байланысты әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.