Қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр. Болжам бойынша, жәбірленуші 11 жасынан бері қорлық көріп келген. Сұмдық жағдайды адвокаттар жариялап, ер адамның қатаң жазаға тартылуын талап етіп жатыр.
Олардың айтуынша, бұл оқиға қалада болған. Жәбірленуші ұзақ уақыт бойы қорқып, ешкімге тіс жармай жүріпті. Шыдамы шегіне жеткен соң полицияға өз аяғымен барып, арыз жазған көрінеді. Тәртіп сақшылары күдіктіге құқықтық бағаны енді сот береді деп отыр. Қазір 15 жастағы қыз Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында жатыр. Мамандардың сөзінше, колледж студенті мекемеге екі ай бұрын өте ауыр жағдайда жеткізілген.
15 жастағы қыз Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 2025 жылғы 15 қазанда орналастырылды. Жасөспірімге орталықта педагогикалық, психологиялық, медициналық, құқықтық қолдау көрсетіліп жатыр. Қазіргі таңда жеткіншектің денсаулығы мен көңіл-күйі жақсы, - деді Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының баспасөз қызметі өкілдері.