Тыйым барлық көлік түріне қатысты: елге жұмыртқаны Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден де, үшінші елдерден де жеткізуге болмайды.
Алайда бірқатар ерекшеліктер бар. Шектеу Қазақстан арқылы транзитпен өтетін өнімге әсер етпейді. Сондай-ақ ЕАЭО елдері арасында Қазақстан аумағы арқылы тасымалданатын жұмыртқаға да тыйым салынбайды.
Министрліктің түсіндіруінше, уақытша шектеу ішкі нарықты қорғау және отандық құс фабрикаларын қолдау үшін қабылданған. Мақсат — жергілікті өндірушілердің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, елді өніммен толық қамту.
Сонымен қатар Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл шара туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар етуі тиіс.