weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қостанайда тағы бір денсаулық сақтау шенеунігі ұсталды

Қостанай облысында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерболат Доспанов ұсталды. Бұл туралы аймақтық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Қостанайда тағы бір денсаулық сақтау шенеунігі ұсталды

Прокуратура мәліметіне сүйенсек, Доспановқа қызметтік өкілетін асыра пайдаланды деген айып бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Қостанай облысы бойынша ҰҚК департаменті облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Е. Доспановтың ұсталғанын хабарлады. Ол қызметтік өкілетін теріс пайдалану дерегі бойынша тергеліп жатыр», – делінген ведомствоның хабарламасында.

Қосымша ақпараттар Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы талаптарына сәйкес әзірге жарияланбайды.

Айта кетейік, бұған дейін өңірде денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысы Данияр Жандаев та ұсталған еді. Ол медициналық жабдықтарды сатып алу кезінде қызметтік өкілетін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген. Жандаевпен бірге аудандық аурухананың бас дәрігері және жеке компания директоры да 25 тамыз күні Антикор мен ҰҚК тарапынан қолға түскен.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→