weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ақтөбедегі көпірде ірі жол апаты: екі адам қаза тапты

Әлия Молдағұлова мен Тургенев көшелерінің қиылысындағы көпірде үш көлік соқтығысып, екі адам қайтыс болып, тағы үш адам ауруханаға түсті.
 

Ақтөбедегі көпірде ірі жол апаты: екі адам қаза тапты

Ақтөбе қаласында 5 желтоқсан күні сағат 22:00 шамасында Әлия Молдағұлова мен Тургенев көшелерінің қиылысындағы көпірде ауыр жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оқиғаға Lexus, Subaru және Chevrolet Cobalt маркалы автокөліктері қатысқан.

Алдын ала деректер бойынша, қозғалыс кезінде Lexus көлігі Subaru-мен соқтығысқан. Қатты соққыдан кейін Subaru көлігі жанындағы жолаққа шығып кетіп, сол бағытта келе жатқан Chevrolet Cobalt автокөлігіне қайта соғылған.

Апат салдарынан Subaru жүргізушісі мен жолаушысы ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. Тағы үш адам түрлі дәрежедегі жарақаттарымен қалалық ауруханаға жеткізілген.

Полиция департаменті қазір жол апатына қатысты барлық мән-жайды анықтап, оның себептерін тексеріп жатыр. 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→