Бұл оқиға биылғы жаз мезгілінде болған. Қыздың отбасы шағын отбасылық жиын өткізген кезде, қонақтардың бірі – бұрын сотталған ауыл тұрғыны баланы балмұздақ алып беремін деп алдап, өзімен ертіп әкеткен,-деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі Qandastar.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұзақ уақыт бойы оралмаған соң баланың ата-анасы полицияға хабарлаған. Іздеу жұмыстарына ауыл тұрғындары да қосылған.
Келесі күні ер адам мен бала орманды аумақтан табылған. Ер адам мас күйінде болған, ал бүлдіршін дереу ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер зорлық белгілерін (этикалық себеппен толық ақпарат жарияланбайды) растаған.
Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі соты оны Қылмыстық кодекстің адам ұрлау және кәмелетке толмаған баланы зорлау баптары бойынша кінәлі деп тауып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Айыпталушы өз кінәсін мойындамағанымен, сот оны айыпты деп таныды. Ол жазаны айрықша қауіпсіздік режиміндегі колонияда өтейді.