Республикалық трансплантацияны үйлестіру орталығының мәліметінше, донор – 1967 жылы туған ер адам. Дәрігерлер оның ми өлімін растағаннан кейін, туыстарының келісімімен жүрек, бауыр және екі бүйрек алынды.
Ағзалар шұғыл түрде тиісті орталықтарға жеткізіліп, келесідей операциялар жасалды:
Жүрек – Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында 58 жастағы науқасқа салынды;
Бауыр – Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында 58 жастағы ер адамға трансплантацияланды;
Оң жақ бүйрек – сол орталықта 19 жастағы пациентке салынды;
Сол жақ бүйрек – 35 жастағы реципиентке берілді.
Қазақстанда донорлық ағзаларға мұқтаждық әлі де ауыр жағдайда. Ұлттық күту тізімінде 4 521 адам, оның ішінде 106 бала бар. 2025 жылдың он айында ғана донор табылмай, 272 пациент қайтыс болды — бұл күн сайын дерлік бір адамның өмірі үзілгенін білдіреді.