weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Бір тал темекі үшін 6 рет пышақ сұғып, 20 жылға сотталды

Саябақтағы қарапайым жанжал кісі өлімімен аяқталды

Ақтөбеде саябақта болған жанжал бір адамның өліміне әкелді. Бұл істі алқабилер қарады, деп хабарлайды newsroom.kz.

Бір тал темекі үшін 6 рет пышақ сұғып, 20 жылға сотталды
Фото: ашық дереккөз

Оқиға түнгі уақытта саябақта болған. Ер адам жолдан өтіп бара жатқан басқа бір жігіттен темекі сұраған. Алайда ол дөрекі жауап бергеннен кейін екеуі ұрысып қалған. Сол сәтте жігіт қалтасынан пышақ шығарып, бірнеше рет жарақат салған. Жараланған адам ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Сотта куәгерлердің жауабы, бейнебақылау жазбалары және сараптамалар қылмыстың қалай болғанын толық растады.

Алқабилер қасақана адам өлтіру дерегі бойынша кінәлі деп танып, сот 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→