Kursivmedia жазуынша, рейс 8 сағатқа кешігіп, ұшу уақыты жоспарланған 3 сағаттың орнына 6 сағатқа созылған. Соның салдарынан жолаушылар межелі жерінен 1500 км қашықта қалғанда жете алмаған.
Қазақстандық жолаушылар ұшақтан түскен, ал 40-қа жуық Ресей азаматтары ұшақтан түспей қойған. Олар миграциялық мәселелерден қауіптеніп, қайда жүгінерін білмеген.
Әуежай әкімшілігі оларға қонақүй мен Ақтөбеге дейін тасымалдауды ұсынған. Кешке қарай ұшақ бортында 16 адам қалып, оларға Ақтау–Ақтөбе бағытына билет рәсімделіп жатыр.