weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Терроризмге қарсы жұмысшы топтың кезекті отырысы өтті

Түркістан қаласы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның жұмысшы тобы бүгін қала әкімінің аппарат басшысы Қуаныш Нұржанұлының төрағалығымен жиын өткізіп, бірқатар маңызды мәселелерді талқылады.

Терроризмге қарсы жұмысшы топтың кезекті отырысы өтті

Отырыс барысында алдымен қалалық полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімінің басшысы Абылай Қайыпбеков есеп берді. Ол шетелдік азаматтардың қала аумағындағы тәртібі мен құжаттарының заңдылығына жүргізілген тексерулер, деструктивті діни ағымдарға бейім тұлғалар бойынша атқарылған жұмыстар және рейдтердің нәтижелері туралы толық ақпарат ұсынды. Аппарат басшысы миграциялық бақылауды күшейтіп, қауіп төндіруі мүмкін діни ағым белгілерін анықтау бағытындағы профилактикалық түсіндіру шараларын жүйелі жүргізуді міндеттеді.

Келесі мәселелер бойынша экстремизмге қарсы іс-қимыл тобының аға жедел уәкілі, полиция капитаны Қайсар Ниетқабылов баяндама жасап, террористік тұрғыдан осал болып саналатын 63 нысанда анықталған заңбұзушылықтар мен олардың алдын алу жөніндегі шараларды атап өтті. Сонымен бірге деструктивті ағымға тартылған адамдармен оңалту жұмыстарының маңыздылығы ерекше көрсетілді.

Төртінші мәселе ретінде қалалық білім бөлімі тарапынан кәмелетке толмағандар арасында діни радикалды көзқарастардың алдын алу шаралары жан-жақты қаралды. Бас маман Гүлмира Құлбайымбетованың айтуынша, мектептерде діни сипаттағы киім үлгілеріне жол бермеу, оқушыларға ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейту және теолог мамандармен кездесулер өткізу тұрақты жүзеге асырылуда.

Жиын соңында аппарат басшысы Қуаныш Нұржанұлы жауапты органдарға нақты тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда:

– шетелдік азаматтарға қатысты профилактика мен рейдтік бақылау күшін арттыру;

– деструктивті діни ағымдардың ықпалындағы тұлғалармен тұрақты оңалту және құқықтық шаралар қабылдау;

– білім беру ұйымдарында экстремизмнің алдын алу бойынша жүйелі түсіндіру жұмыстарын күшейту;

– жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына қатысты талдау жұмыстарын жалғастыру.