- Ол өзін «ұйым мүшесімін» деп таныстырып, сауда орталығына бомба қойылғанын айтқан.
Хабарламада көрсетілген мекенжай сауда орталығымен сәйкес келгендіктен, арнайы қызмет өкілдері дереу нысанды тексерді. Әрине, ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ.
Полиция жасөспірімді жылдам анықтап, ұстады. Оған ҚР ҚК 273-бабы бойынша — терроризм туралы көрінеу жалған ақпарат тарату дерегі бойынша іс қозғалды. Полиция мұндай «әзілдердің» ауыр қылмыс саналып, қатаң жауапкершілікке әкелетінін ескертті.