weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алматыда Өңірлік штаб отырысында инвестициялық жобалар қаралды

Алматыда қала әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен Өңірлік инвестициялық штаб отырысында көлік, энергетика, өнеркәсіп және инновация салаларындағы қолданыстағы әрі келешектегі инвестициялық жобалар жан-жақты талқыланды.

Алматыда Өңірлік штаб отырысында инвестициялық жобалар қаралды

Жиын барысында ГТС-2 жүк терминалын дамыту, жылу электр станциясын салу, автобус паркін жаңғырту және зарядтау инфрақұрылымын жүйелі түрде дамыту жайы талқыланды. Бұған қоса, газ толтыру станцияларын құруға қатысты жобалар да қаралды.

Өнеркәсіптік бағытта жаңа буындағы темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыт салу және автокөлік орындықтарын өндіру көлемін арттыруға арналған жобалар ұсынылды.

Сайран маңында инновациялық қалалық СЭС пен жасанды интеллект музейін құру жөніндегі бастама таныстырылды. Бұл жоба энергетика, заманауи технология мен білім беру салаларын тоғыстырып, болашақта қалаға серпін беретін орталық ретінде сипатталды.

Отырыс қорытындысы бойынша қала әкімі тиісті басқармаларға аталған жобаларды одан әрі қолдап, әрбірін тиянақты түрде пысықтауды тапсырды. Инвестициялық штаб тұрақты жұмыс істеп, қолға алынған бастамалардың орындалуына бақылау күшейтіледі.