weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жеке мектеп мұғалімі ата-ананы алдап оқу ақысын өзі алып отырған

Ақтөбеде бастауыш сынып мұғалімі ата-ананы алдап, оқу ақысын өз шотына қабылдап отырғаны үшін сотқа тартылды. Бұл туралы Ақтөбе қаласының №2 соты мәлімдеді, деп хабарлайды newsroom.kz.

Жеке мектеп мұғалімі ата-ананы алдап оқу ақысын өзі алып отырған
Фото: grozny-inform.ru

Оқиға 2024 жылдың тамызында басталған. Жеке мектепте жұмыс істеген мұғалім ата-анасына «Балаңызды осы мектепке жеңілдікпен орналастырып беремін, айына 60 мың теңге төлесеңіз жеткілікті» деп ұсыныс жасаған.

Ол ата-анаға білім беру туралы шартты баласы арқылы беріп, қол қойдырғанымен, құжатты мектеп әкімшілігіне тапсырмаған. Осылайша, бала мектепте ресми тіркелмей, заңсыз оқып жүрген. Ал ата-ана ай сайын оқу ақысын мұғалімнің жеке банк шотына аударып отырған.

2025 жылдың наурызына дейін ата-анадан 420 мың теңге алған мұғалім бұл қаражатты өзінің жеке қажеттілігіне жұмсаған.

Сотта ол кінәсін толық мойындаған. Жиналған дәлелдер — жәбірленушінің жауаптары, куәгерлердің түсініктері, банк үзінділері — айыпты толық дәлелдеді.

Ата-анамен татуласуына байланысты сот оны Қылмыстық кодекстің 68-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатты. Үкім заңды күшіне енді.