weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алматының Алатау ауданында 31 қоғамдық кеңістік пен 16 аула жаңартылды

Алатау ауданында биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша біраз дүние қолға алынды. Аудан әкімі Данияр Қырықбаев Өңірлік коммуникациялар алаңында іріктелген 50 жоба мақұлданғанын айтты.

Алматының Алатау ауданында 31 қоғамдық кеңістік пен 16 аула жаңартылды

Жобалар қалалық ортаны абаттандырудың негізгі бағытын қамтиды. Атап айтқанда:
- жаңарту мен абаттандыру жұмыстары жүргізілген 16 аула;
- тұрғындардың өтініші бойынша жасалған 31 қоғамдық кеңістік;
- кешкі уақытта қауіпсіздікті айтарлықтай арттырған көше жарығын жаңғыртуға арналған 3 жоба.

Бұл жұмыс қаладағы бірнеше үлкен тұрғылықты жай мен көлік жолының бойында жүзеге асырылды. Атап айтқанда, Қарасу, Ақбулак, Саялы, Зерделі шағынаудандарында, сондай-ақ Рысқұлов даңғылы мен Бауыржан Момышұлы көшесінің бойын абаттандырып шықты.

Аудан әкімінің айтуынша, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы тұрғындарға қалалық инфрақұрылымды дамытуға атсалысуға мүмкіндік беретін ең сұранысқа ие тетіктің бірі болып қалып отыр. Биыл жаңа алаңдар салынып, жарық беріліп, ауласы жайлы бола түсіп, алматылықтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған бағдарламаның пайдалы екенін көрсеткен.