weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Украинадағы $100 млн коррупция дауы

Украинада соғыс басталғалы бері энергетика саласындағы ең даулы жемқорлық іс әшкереленді. Елде 100 миллион доллар айналымы бар схема анықталып, мәселе тікелей жоғары билікке дейін жетті. Президент Владимир Зеленский әділет министрі Герман Голущенко мен энергетика министрі Светлана Гринчуктың отставкасын күтетінін жариялады.

Украинадағы $100 млн коррупция дауы
Фото: ашық дереккөз

НАБУ жүргізген тергеу бір жарым жылға созылған. Детективтер 70-тен аса тінту жасап, мың сағатқа жуық аудиожазба мен үлкен көлемдегі құжаттарды жинаған.

Жемқорлық жүйесі барлық атом электр станцияларын басқаратын «Энергоатом» компаниясының ішінде жұмыс істеп келген. Мекеме мердігерлерінен келісімшарт алу үшін 10–15 пайыз «откат» талап еткен. Қатысушылар бұл жүйені «шлагбаум» деп атаған. Ақша Киев орталығындағы «кір жуу» фирмасы арқылы өтсе, бір бөлігі криптовалютаға айналдырылған. Схеманың жалпы көлемі шамамен 100 миллион доллар деп бағаланып отыр.

Тергеуде бірнеше қазіргі және бұрынғы шенеунік аталады. Негізгі күдікті — «Карлсон» деген лақап атпен жүрген бизнесмен Тимур Миндич. Ол — Зеленский еңбек еткен «Квартал 95» студиясының тең иесі. Екеуінің көп жылдан бері таныс екені, соғысқа дейін бір үйде тұрғаны айтылады. Президентке тікелей айып тағылмағанымен, биліктің беделіне соққы болғаны талқыланып жатыр.

Польша премьер-министрі Дональд Туск мұндай оқиғалар қайталанса, Киевтің халықаралық серіктестермен жұмысын қиындататынын ескертті:

«Коррупция жалғаса берсе, Украинаны қолдауға серіктестерді көндіру барған сайын қиын болмақ», — деді ол.