Украина президенті Владимир Зеленский Starlink пен Starshield қызметтеріндегі түсініксіз шектеулер украин күштеріне әлі де әсер етіп жатқанын айтты. Ал АҚШ шенеуніктері мен Илон Маск бұл шектеулерді кім басқаратыны жөнінде бір-біріне қайшы мәлімет беруде.
Украина байланысқа қажеттілігіне қарай азаматтық Starlink пен неғұрлым қорғалған Starshield жүйелерін пайдаланады.
Бұл желілер шамамен 10 000 жерсерік арқылы байланыс ұсынады. Олар әсіресе шалғай аумақтарда және ұрыс даласында қолданылады.
Starshield украиндық дрон операторларына нысандарды нақты уақыт режимінде көруге, сондай-ақ тосқауыл дрондарын басқаруға мүмкіндік береді.
BBC-дің Вашингтондағы тілшісі Дэниел Буш осы технологияға қатысты ресми тұлғалардың не айтқанын талдап шықты.