Заңға сай, жұмыссыздық бойынша төлем бұрынғы табыстың 45%-ына дейін есептеледі және соңғы екі жылдағы әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне қарай 1 айдан 6 айға дейін тағайындалады. Төлем жұмыстан шығу себебіне қарамастан төленеді.
Әлеуметтік жәрдемақыны рәсімдеу толығымен цифрландырылған. Өтінімді eGov.kz порталы немесе enbek.kzэлектронды еңбек биржасы арқылы беруге болады.
Онлайн тіркелгеннен кейін жұмыс іздеушіге бір күн ішінде бос жұмыс орындары ұсынылады. Егер жарамды вакансия болмаса, үш жұмыс күні ішінде азаматқа жұмыссыз мәртебесі беріледі. Ал проактивті форматта төлемдер қызметі SMS арқылы келісім берілгеннен кейін автоматты түрде іске қосылады.