weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Түнгі оннан кейін  тойханалар мен дәмханалар жұмыс істемейді: Қырғызстанда қатаң заң

Көрші елде жаңа заң: Қырғызстан түнгі 22:00-ден кейін тыныштық мекеніне айналды

Түнгі оннан кейін  тойханалар мен дәмханалар жұмыс істемейді: Қырғызстанда қатаң заң
Фото: akchabar.kg

Қырғызстанда «Тыныштық туралы» заң күшейтіліп, барлық тойханалар, кафе, мейрамханалар мен түнгі клубтар енді сағат 22:00-ден кейін жұмыс істей алмайды. Бұл туралы Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Камчибек Ташиев мәлімдеді.

Ташиевтің айтуынша, бұған дейін қаулы жиі сақталмай келген, тіпті мемлекеттік қызметкерлер де талапты елемеген. Ол жақында әріптесінің тойы түн ортасына дейін жалғасқанын айтып, жергілікті басқару органдарын қатаң сынға алды және заңның орындалуын бақылауды тапсырды.

Осы мәлімдемеден кейін Бішкек мэриясы да ойын-сауық орындарының жұмысын 22:00-ге дейін шектеу жөнінде ресми хабарлама таратты. Сол сәттен бастап көптеген нысан жұмыс кестесін өзгерте бастады.

Дегенмен кейбір мекемелер тыйымды елемей, бұрынғы режимде қызметін жалғастырған. Қалалық билік оларды электр қуатынан ажыратуға кірісті. Желіде қонақтар шам жарығымен отырған кафе видеолары тарады.

Билік рейдтерді күшейтіп, талапты бұзған орындарға бір айға дейін жарық пен суды өшіру, сондай-ақ есік алдына милиция қойып, жұмысты тоқтату туралы ескерту жасады.

Жаңа талап қоғамда үлкен қарсылық туғызды. Халық шағымданып, бұл шектеулер шағын және орта бизнеске ауыр соққы болатынын айтып жатыр. Түнгі уақытта табыс табатын курьерлер мен такси жүргізушілері де қиын жағдайға тап болған.

Көпшілік үкіметтен мәселені қайта қарауды, даулы шешімді жоюды талап етуде.