weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Хорватияда Түркияның тағы бір ұшағы құлады: ұшқыш қаза тапты

Хорватия аумағында Түркияның өрт сөндіру қызметіне қарасты ұшақ апатқа ұшырап, пилот қаза болды. Борт Риека қаласына қайтып келе жатқан сәтте байланыс үзілген. Іздеу жұмыстары басталғаннан кейін құлаған жер анықталды.

Хорватияда Түркияның тағы бір ұшағы құлады: ұшқыш қаза тапты

Түркияның ауыл шаруашылығы министрі Ибрагим Юмаклы апат орнын Сеня қаласының маңынан тапқанын растады және марқұм ұшқыштың отбасына көңіл айтты.

Алдын ала мәліметке сүйенсек, AT802 үлгісіндегі екі ұшақ техникалық қызмет көрсету үшін Загребке бет алған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты олар Риекаға қонуға мәжбүр болған. Кейін қайта ұшқан кезде бір ұшақ межелі жерге аман жеткен, ал екіншісі радардан жоғалып кеткен.

Түркия мен Хорватия құтқару және іздестіру жұмыстарын бірлесіп жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын ғана Түркияның тағы бір әскери ұшағы Грузияда құлаған.