weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Бірлік секторында инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Жиын Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте өтті.

Бірлік секторында инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Кездесу барысында қала басшысы сектор аумағында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар жайлы баяндап, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Бұған дейін әкімнің осындай кездесулері Бекзат және Сауран секторларында өткен болатын.

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар маңызды жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Ауыз су, кәріз, электр және газ жүйелерін жаңарту жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде.

Мәселен, кәріз жүйесі бойынша секторда үш жоба іске асырылып жатыр. Бүгінге дейін ұзындығы 11,2 шақырым болатын 17 көшеде кәріз желісі тартылған. Жыл соңына дейін тағы 1,5 шақырымды құрайтын 5 көшеге абоненттік желі орнату жоспарланған.

Электрмен қамту саласында да айтарлықтай ілгерілеу бар: 21 көшеге 750 электр бағанасы орнатылып, 26,2 шақырым желі тартылды. Жалпы жоба аясында 60,3 шақырым электр желісін жаңарту және 14 жаңа трансформатор орнату көзделген.

Жол инфрақұрылымын жақсарту бағытында 2026 жылға дейін ұзындығы 12,68 шақырымды құрайтын 22 көшеге орташа жөндеу жүргізіледі. Ал Наурызым көшесіндегі 2,6 шақырымдық жолды жөндеу жұмыстары биыл басталып, келесі жылы аяқталмақ.

Бүгінде сектордағы 179 көшенің 96 пайызы жарықтандырылған. Сондай-ақ, биыл 4 жаңа аялдама орнатылды.

Абаттандыру саласында Бірлік секторында 12 ойын алаңы бар болса, биыл тұрғындардың сұранысына сәйкес тағы 2 жаңа спорт және ойын алаңы пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Сығанақ көшесіндегі заманауи ойын алаңы мен Айналма тас жолындағы абаттандыру жұмыстары толық аяқталып, тұрғындардың игілігіне ұсынылды.

Қоғамдық қауіпсіздік те назардан тыс қалмаған. Қазір сектор аумағында 42 бейнебақылау және 4 нөмірлік тану камерасы орнатылуда. Бұл жүйелер облыстық Полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылады.

Кездесу соңында қала әкімі тұрғындарды жеке қабылдап, көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Айта кетейік, Әзімбек Пазылбекұлының келесі көшпелі кездесуі 13 қараша күні сағат 15:00-де Яссы секторының тұрғындарымен өтеді. Кездесу Хамза атындағы жалпы орта мектепте ұйымдастырылады.