Қазақты қорлаған Бивол Қазақстанға экстрадициялана ма? ІІМ түсініктеме берді
Қазақстандық құқық қорғау органдары Ресей әріптестерімен байланыс орнатқан.
Белгілі боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жары Екатерина Бивол Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов.
Оның айтуынша, әйелге қатысты тергеу жүріп жатыр, ол халықаралық іздеу жарияланғандардың қатарында.
«Оны қамауға алу туралы сырттай шешім қабылданды. Біз Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарымен арнайы арналар арқылы байланыстамыз. Егер Екатерина Бивол ұсталған жағдайда, Бас прокуратура арқылы ақпарат алып, экстрадиция мәселесін қараймыз», — деді Санжа Әділов Сенат кулуарында.
Ол сондай-ақ Екатерина Биволдың Ресей азаматы екеніне қарамастан, экстрадиция мәселесі көтерілетінін атап өтті.
Бұған дейін Биволға Қырғызстан іздеу салғанын және ол әлеуметтік желіде "мені қудалап жатыр" дегенін хабарлағанбыз.