Тергеу дерегінше, оған сырттай айып тағылып, қамауға алу бұлтартпау шарасы белгіленген.
Қала ішкі істер басқармасының мәліметінше, тергеу ісі Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің 330-бабы – «Нәсілдік, этникалық, ұлттық немесе өңірлік араздықты қоздыру» бойынша қозғалған. Аталған бап бойынша бес жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Белгілі болғандай, Екатерина Бивол әлеуметтік желіде түрлі ұлт өкілдеріне қатысты қорлайтын әрі өшпенділік тудыратын пікірлер айтқан видеосын жариялаған.
Бұл жазба қоғамда үлкен резонанс тудырып, көптеген қолданушылар оның әрекетін сынға алды. Олар мұндай сөздер құрмет пен төзімділік қағидаттарына сай келмейтінін атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін Екатерина Бивол бұрынғы жұбайының отбасына қатысты да ауыр сөздер айтып, оның анасын «тозақтың исінен жаралған» деп сипаттаған болатын.