weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жапонияның су жаңа премьері үкімет құрамын жасақтады. Құрамда Арфия Эри де бар

Жапонияның жаңа премьер-министрі Такаити Санаэ үкімет құрамын жасақтады. Кабинетте ұйғыр тектес саясаткер Арфия Эри де өз орнын сақтап қалды.

Жапонияның су жаңа премьері үкімет құрамын жасақтады. Құрамда Арфия Эри де бар

21 қазан 2025 жылы өткен парламенттік дауыс беру нәтижесінде Такаити Санаэ 237 дауыс жинап, ел тарихында Жапония үкіметін басқарған алғашқы әйел ретінде тарихқа енді.

Modern.az хабарлауынша, жаңа министрлер кабинетіндегі ең көзге түскен есімдердің бірі – ұйғыр тектес саясаткер Арфия Эри болды. Ол қайтадан Жапонияның сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне бекітілді.

Арфия Эри

Арфия Эри әлеуметтік желідегі парақшасында Такаити Санаэ мен сыртқы істер министрі Тошимицу Мотэгимен бірлесіп жұмыс істейтініне қуанышты екенін айтып, былай деді:

«Біз Жапонияның дипломатиялық әлеуетін күшейтіп, халықаралық аренадағы беделін арттыру үшін адал еңбек етуді жалғастырамыз».

Арфия Эри — Фукуока префектурасындағы Китакюсю қаласында дүниеге келген. Оның ата-анасы — Шығыс Түркістаннан қоныс аударған ұйғырлар. Эри 11 жасында жапон азаматтығын алған. Әкесі — Жапония үкіметінің грантымен білім алған инженер.

Арфия АҚШ-тағы әйгілі Джорджтаун университетін тәмамдап, жеті тілде еркін сөйлейді. Бұған дейін ол БҰҰмен Жапонияның Орталық банкінде қызмет атқарған. Қазір Либерал-демократиялық партияның мүшесі ретінде Тиба префектурасының 5-округінен парламенттің төменгі палатасына сайланған.

Небәрі 36 жастағы Арфия Эри бүгінде жапон парламентіндегі ең жас әйел депутат саналады. 2023 жылы Timeжурналы оны әлемнің ең ықпалды 100 жас көшбасшысының бірі деп атаған.