Жаңа талаптар бойынша, енді жылжымайтын мүлік иесінің келісімінсіз компанияны тіркеуге жол берілмейді. Сондай-ақ қаржылық мониторинг субъектілері өз клиенттерін — яғни тіркелушілер мен олардың өкілдерін — мұқият тексеруге міндетті болады.
Министрлік өкілдерінің айтуынша, мұндай шаралар көлеңкелі кәсіпкерлік пен заңсыз компаниялардың жұмыс істеуіне тосқауыл қоюға бағытталған.
Жобаның ашық талқылауы 2025 жылғы 15 қарашаға дейін жалғасады.