weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Лондондағы «Арсенал» – «Қайрат» матчына ең қымбат билет 58 мың теңге тұрады

Матчқа әлі 2,5 ай уақыт болса да, билеттер бағасы жария етілді.

Лондондағы «Арсенал» – «Қайрат» матчына ең қымбат билет 58 мың теңге тұрады
Фото: ашық дереккөз

УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі соңғы тур ойыны 2026 жылғы 28 қаңтарда Лондонда өтеді.

Билет бағасы 30 мың теңгеден (шамамен 44,80 фунт) басталып, 58 мың теңгеге (84 фунт) дейін жетеді. Көп орындар «Арсенал» жанкүйерлерінің маусымдық абонементіне кіретіндіктен, алдын ала сатылып кеткен.

Еске салсақ, бұған дейін «Қайраттың» өз алаңындағы ойындарына билеттер 30 мыңнан басталып, 250 мың теңгеге дейін жеткен.

Ал 9 желтоқсанда Алматыға гректің «Олимпиакосы» келеді.