weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Астанада бір аптада бір айлық қар жауды: коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыста

Соңғы 10 күнде Астанада бір айлық нормадан артық қар жауды. Қысқы маусым басталғалы қаладағы коммуналдық қызметтер күшейтілген тәулік бойғы режимде жұмыс істеп жатыр.

Астанада бір аптада бір айлық қар жауды: коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыста

Қар тазалау және арнайы полигондарға шығару жұмысы елорданың барлық алты ауданында үздіксіз жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Күндіз ауа температурасының нөлден жоғары болып, қар еріп, түнде күрт суытуына байланысты жолдар мен тротуарларда көктайғақ орнайды.

Қала тұрғындарының қауіпсіз жүруін қамтамасыз ету мақсатында жолдарға, тротуарлар мен көшелерге техникалық тұз себілуде. Қыс басталғалы бері көктайғаққа қарсы 3000 тоннадан астам материал пайдаланылып, 176 мың текше метрден астам қар шығарылды. Бұл – 14 164 ауыр жүк көлігінің рейсіне тең. Барлық жұмыс тәулік бойы жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, аулаларда тазалықты қамтамасыз ету ПИК пен МИБ ұйымдарының міндеті екенін атап өткен жөн. Олар тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлылығы үшін қар мен мұздан уақытылы тазалап отыруы тиіс.

Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолдар мен тротуарларда абай болуға, сондай-ақ ауа райы қолайсыз кезде алыс сапарларға шықпауға шақырады.