weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Трамп америкалықтарға екі мың доллардан беруге уәде етті

АҚШ президенті Дональд Трамп ел азаматтарына кедендік баждардан түскен табыс есебінен екі мың доллар төлеуге уәде берді. Бұл туралы ол Truth Social платформасында жазды.

Трамп америкалықтарға екі мың доллардан беруге уәде етті

Алайда, Трамптың айтуынша, бұл төлем бәріне бірдей берілмейді — жоғары табысы бар америкалықтар тізімнен тыс қалады. Сарапшылардың пікірінше, бұл бастама қоғамның қолдауын арттыруға бағытталған.

Трамп баж салығын көтеруге қарсы шыққандарды “ақымақтар” деп атады. Ол АҚШ-тың қазіргі уақытта «әлемдегі ең бай және ең құрметті мемлекетке айналғанын» және инфляцияның нөлге жуық екенін айтты.

Президенттің сөзінше, ел жыл сайын триллиондаған доллар пайда көріп отыр және жақын уақытта 37 триллион долларлық мемлекеттік қарызды өтей бастайды.

Бұл жоспардың жүзеге асуы үшін Конгрестің мақұлдауы қажет. Бұған дейін де Трамп баж кірісінен америкалықтарға 1000–2000 доллар көлемінде чек тарату идеясын бірнеше рет көтерген еді.

Қаржы министрлігі болса, басты мақсат — ел қарызын азайту екенін мәлімдеген. Министр Скотт Бессанттың айтуынша, баждардан түскен қаражат ең алдымен федералдық қарызды өтеуге жұмсалады.

Қыркүйек айындағы есепке сәйкес, биылдың тоғыз айында кедендік төлемдерден 195 миллиард доллар жиналған.