weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қостанайда түлкі адамдарға шабуыл жасады

Қостанай облысында жабайы түлкі адамдарды тістеп, бір әйелді қуып кеткен.

Қостанайда түлкі адамдарға шабуыл жасады
Фото: ашық дереккөз

Жітіқара қаласындағы жанармай құю бекетінде болған тосын жағдай қазақстандықтарды елең еткізді. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада түлкінің адамдарға тап беріп, тіпті әйелді қуып кеткені көрінеді.

Белгілі болғандай, оқиға қазан айында болған, бірақ ақпарат енді ғана жария болды. Бейнежазбаны түсірген адамды түлкі тістеп алған. Ол дереу ауруханаға жүгініп, дәрігерлер қажетті екпелерді салған. Госпитализация қажет болмаған.

Осы оқиғадан кейін өңірде әкімдік, полиция және ветеринарлық қызмет өкілдерінен құралған арнайы жұмыс тобы құрылды.

Мамандар тұрғындарға ескерту жасады:
 Жабайы жануарларға жақындамаңыз және оларды көрсеңіз, дереу 109 нөміріне хабарласыңыз.

Бұған дейін Маңғыстауда қаңғыбас мысық тістеп алған ер адам көз жұмғанын хабарлағанбыз.