Мәжілістің жалпы отырысында депутат Тілектес Адамбеков Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымоваға ипотека несиесінің шекті мөлшерлемесін қайта қарау туралы сұрақ қойды.
«Өткен жылы кепілсіз несиелердің мөлшерлемесі 56%-дан 46%-ға, ипотекалық несиелер бойынша мөлшерлеме 30%-дан 25%-ға, ал кепілді несиелердікі 45%-ға дейін төмендеді. Ал биыл біз ипоткалық несиелер бойынша мөлшерлемені одан ары 20%-ға дейін төмендеттік. Бірақ осы қазан айында Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-ға дейін көтергеннен кейін кейбір банктер уақытша кепілсіз несиелер беруді тоқтатты. Осыған байланысты 20%-дық шекті мөлшерлеме 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылды», – деді ол.
Айта кетейік, Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Банктер және банк қызметі туралы» жаңа заң жобасы талқыланып жатыр.