Кешеден бері көше тазалығына екі жарым мыңнан астам жұмысшы және 900-ден аса арнайы техника жұмылдырылды.
Әкімшіліктің мәліметінше, қар 4 қараша күні кешкі сағат сегіз шамасында жауа бастаған. Таңертеңге қарай қаланың өзінде қардың қалыңдығы шамамен бір сантиметрге жетсе, таулы аудандарда он сантиметрге дейін түскен.
Қазір магистральдар, көпірлер, жолайрықтар, тротуарлар мен аялдамаларға тайғаққа қарсы материалдар себіліп жатыр. Қар тазалау жұмыстары тәулік бойы жалғасуда.