Алаяқ жасанды интеллект пен жалған аккаунттарды пайдаланып, өзін актер ретінде таныстырған. Ол әйелмен «романтикалық» хат алмасып, «түсірілімнен жаңалықтар» мен нейрожеліден жасалған суреттерді жіберіп отырған. Осылайша сеніміне кіріп, қарым-қатынас шынайы дегенге сендірген.
Кейін алаяқ әйелден түрлі сылтаумен ақша сұрай бастаған: алдымен «жедел қажеттілікке», кейін «жеке кездесуге арналған VIP-билетке» 7,5 мың доллар аударуды өтінген. Әйел барлығы 351 мың доллар жіберген соң ғана алданғанын түсінген.
Полицияның айтуынша, қылмыскерді табу қиын, себебі ол шетелде әрекет еткен. Ал актер Ли Чжон Чжэнің агенттігі жанкүйерлерге ешқашан ақша аудармауға және өзін актер деп таныстырған аккаунттарға сенбеугешақырды.
 
  