weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
31 қазан, 2025 / Жасмина Нурлан / Sportroom
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жасөспірімдер арасындағы III Азия ойындарында Қазақстан жалпы есепте үздік үштікке енді

Бахрейнде өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы III Азия ойындарында Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте 3-орынды иеленді, деп хабарлайды newsroom.kz Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасап.

Жасөспірімдер арасындағы III Азия ойындарында Қазақстан жалпы есепте үздік үштікке енді
Фото: Қазақстан Республикасының спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Жалпы қорытынды бойынша еліміздің спортшылары 24 алтын, 29 күміс және 40 қола медаль жеңіп алды. Барлығы – 93 жүлде.

Жақсы нәтиже көрсеткендердің қатарында Қазақстанның қыздар гандбол құрамасы да бар. Топтық кезеңде өткізген алты кездесудің қорытындысы бойынша команда 3-орын алып, қола медаль иеленді.