Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
17 қазан, 2025 / Аман ШАМАР / Жаңалықтар

«Адал азамат»: рухани жауапкершіліктің жүгі ауыр

«Адал азамат»: рухани жауапкершіліктің жүгі ауыр, - деп хабарлайды newsroom.kz

«Адал азамат»: рухани жауапкершіліктің жүгі ауыр
Фото: Атырау ӨКҚ

Қоғамның саяси дамуы тек заң мен саясаттың өзгерісіне ғана емес, адамгершілік құндылықтарға да тәуелді. Сол себепті «Адал азамат» тұжырымдамасы ел дамуының рухани өзегіне айналып отыр. Бұл – тек жемқорлыққа қарсы үндеу емес, әр азаматтың өз ісіне адал, ел тағдырына жауапты болу мәдениетін қалыптастыру миссиясы.

Білікті заңгер Райхан Қатимқызы бұл туралы:

«Адал азамат – мемлекеттің тірегі. Егер әркім өз ісіне адал болса, қоғамдағы әділетсіздік азаяды. Бізде ең үлкен реформа – адамның ішкі мәдениетін өзгерту», – дейді.

Қазіргі таңда білім беру жүйесінде де адалдық құндылығы белсенді насихатталуда. «Парасат жолы», «Саналы ұрпақ» секілді жобалар арқылы жастардың этикалық ұстанымдары нығайып келеді. Бұл бастамалар тек мінез-құлықты емес, азаматтық жауапкершілікті қалыптастырады.

Адал азамат бейнесі — қазіргі Қазақстан қоғамының идеалы. Ол өз құқығын біледі, заңды құрметтейді және ел болашағы үшін әрекет етеді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату