weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Мектеп оқушылары қылқындырды: Жаңаөзенде тағы қылмыс

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде таралып, көпшіліктің ашу-ызасын тудырды

Мектеп оқушылары қылқындырды: Жаңаөзенде тағы қылмыс

Бейнежазбада қыздардың бірі екіншісіне бірнеше рет соққы беріп, тұншықтыру тәсілдерін қолданғаны анық көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, кейбір соққылар арнайы дайындықтан өткен спортшының қимылына ұқсайды.

Полиция департаменті оқиғаға қатысқан кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналары анықталып, бөлімшеге жеткізілгенін мәлімдеді.

«Кәмелетке толмағандардың ата-аналарына балаларының тәрбиесі мен білім алуына тиісті бақылау жасамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік жүктелді. Іс материалдары ювеналды комиссияға жолданды. Ал жасөспірімдер профилактикалық есепке алынды», — делінген полиция хабарламасында.

Аталған бейнежазба желіде әлі де кеңінен тарап, өңір тұрғындары арасында қызу талқыға түсіп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Қызылорда қаласында алты жасөспірім он сынып оқушысына мектептің әжетханасында шабуыл жасаған еді. Нәтижесінде зардап шеккен оқушының денесінен көптеген жарақат пен сынық анықталған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→