Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
23 қазан, 2025 / Жасмина Нурлан / Әлем

Нью-Йорк мэрі Қазақ мұрасын дәріптейтін күнді жариялады

Манхэттеннің қаржы орталығында Қазақстан туы көтерілді.

Нью-Йорк мэрі Қазақ мұрасын дәріптейтін күнді жариялады

Нью-Йоркте Қазақстан Республикасының күніне арналған ерекше рәсім өтті. Қала мэрі Эрик Адамс 22 қазанды «Қазақстан мұрасы күні» (Kazakhstan Heritage Day) деп жариялап, арнайы прокламацияға қол қойды.
Шара Манхэттеннің қаржы орталығында өтті. Оған Нью-Йорк әкімдігі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, дипломатиялық корпус және қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

Мэр Эрик Адамс өз сөзінде қазақ қауымдастығының қала өміріне қосқан үлесін атап өтіп, Қазақстан мен АҚШ арасындағы достық пен мәдени ынтымақтастықтың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Салтанатты рәсімде Қазақстанның Нью-Йорктегі Бас консулы Рауан Тлеулин, халықаралық компаниялар өкілдері мен музыканттар сөз сөйледі. Америкалық орындаушының домбырада ойнаған әуені қатысушылардың ыстық ықыласына бөленді.

Қазақстан туының Манхэттенде көтерілуі – еліміздің мәдени мұрасына деген құрметтің және Қазақстан мен АҚШ арасындағы достық байланыстардың айғағы болды.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату