Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
22 қазан, 2025 / Аман ШАМАР / Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда заңсыз алтын өндірілген

Шығыс Қазақстан облысында заңсыз алтын өндіру фактісі тоқтатылды, - деп хабарлайды newsroom.kz

Шығыс Қазақстанда заңсыз алтын өндірілген
Фото: ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі

Шығыс Қазақстан облысында заңсыз алтын өндіру фактісі тоқтатылды. Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ҰҚКД Самар ауданы аумағындағы «Кенкарын» учаскесінде жер қойнауын өз бетінше пайдалану және бағалы металдарды заңсыз өндіру дерегін әшкереледі.

Жер қойнауын пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнама талаптарын бұза отырып, күдіктілер екі жыл бойы тиісті лицензиясыз заңсыз алтын өндіріп, «Құлынжон» өзенінің арнасын өз бетінше өзгерткен.

Руданы өңдеу үшін ауыр арнайы техника мен өнеркәсіптік жабдықтар пайдаланылған.

Заңсыз әрекеттің салдарынан табиғатқа келтірілген залал көлемі 82 млн теңгеден асты.

Тексеру барысында ауыр арнайы техника (жүктиегіш, самосвал, экскаватор) және өнеркәсіптік жабдық тәркіленді.

Ұйымдастырушы 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Тергеу амалдары жалғасуда.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату