weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жөндеу кезінде ер адамның мойынына шеге кіріп кеткен

Петропавл қаласында 51 жастағы ер адам жөндеу жұмысы кезінде ауыр жарақат алды. Пневмопистолеттен оқыс оқиға кезінде шеге ұшып, ер адамның мойнына қадалған.

Жөндеу кезінде ер адамның мойынына шеге кіріп кеткен
фото: Әлеуметтік желіден

Зардап шеккен азамат өздігінен дәрігерлерге жүгінген. Кейін ол жедел түрде ауруханаға жеткізілді.

Дәрігер-хирургтар мойнындағы темір шегені алып шыққан. Мамандардың айтуынша, ер адам нағыз сәттілікпен аман қалған, себебі шеге өмірлік маңызды тамырлардың жанынан өтіп, кеңірдек пен омыртқаға тимеген.

Қазір науқастың жағдайы тұрақты.

Дәрігерлер жөндеу кезінде немесе құралмен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережесін сақтаудың маңыздылығын еске салды.