Полицияның хабарлауынша, жол апаты 22 қазан күні жергілікті уақытпен сағат 00:15 шамасында Киталеба елді мекенінің маңында болған.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 63 адам көз жұмды, бірнеше адам жарақат алды», — делінген полицияның ресми сайтында жарияланған хабарламада.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, апат бір автобустың жүргізушісі жүк көлігін басып озбақ болған сәтте болған. Сол уақытта қарсы бағытта келе жатқан екінші автобус та дәл осындай манёвр жасаған. Нәтижесінде екі автобус бетпе-бет соқтығысқан.
Бір жүргізуші апатты болдырмауға тырысқанымен, оның әрекеті «тізбекті реакцияға» әкеліп, басқа көліктер де басқарудан шығып, бірнеше рет аударылып кеткен.