weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
14 қыркүйек, 2025 / Перизат Ілес / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Угандада автобус жол апатынан 63 адам қаза тапты

Уганданың орталық бөлігінде автобустар мен тағы бірнеше көлік соқтығысып, кем дегенде 63 адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Угандада автобус жол апатынан 63 адам қаза тапты

Полицияның хабарлауынша, жол апаты 22 қазан күні жергілікті уақытпен сағат 00:15 шамасында Киталеба елді мекенінің маңында болған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 63 адам көз жұмды, бірнеше адам жарақат алды», — делінген полицияның ресми сайтында жарияланған хабарламада.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, апат бір автобустың жүргізушісі жүк көлігін басып озбақ болған сәтте болған. Сол уақытта қарсы бағытта келе жатқан екінші автобус та дәл осындай манёвр жасаған. Нәтижесінде екі автобус бетпе-бет соқтығысқан.

Бір жүргізуші апатты болдырмауға тырысқанымен, оның әрекеті «тізбекті реакцияға» әкеліп, басқа көліктер де басқарудан шығып, бірнеше рет аударылып кеткен.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→