Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
22 қазан, 2025 / Жасмина Нурлан / Әлем

АҚШ пен Ресей дипломаттары ортақ шешімге келе алмады

АҚШ пен Ресей президенттерінің Будапештте өтуі тиіс кездесуі болмайды. Бұл шешім екі елдің сыртқы істер министрлері арасындағы шиеленісті телефон арқылы сөйлесуден кейін қабылданған.

АҚШ пен Ресей дипломаттары ортақ шешімге келе алмады
Фотт: ашық дереккөздер

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров 20 қазанда телефон арқылы сөйлескен. Әңгіме күрделі жағдайда өтіп, келісімге қол жеткізілмеген.

The Telegraph мәліметінше, Лавров Ресейдің қазіргі майдан шебін бекітіп, қақтығысты тоқтату туралы ұсынысқа қарсы екенін жеткізген болуы мүмкін. Осыдан кейін Рубио мен Лавровтың жеке кездесуі тоқтатылып, Трамп пен Путин саммитін ұйымдастыру да тоқтап қалды.

Бұған дейін Reuters кездесуді 23 қазанда өткізуі мүмкін екенін жазған еді, алайда CNN кейін бұл жоспардың кейінге қалғанын хабарлады.

Кремль өкілдері «келісім болмаған нәрсені кейінге қалдыру мүмкін емес» деп түсіндірсе, Трамп әкімшілігі телефон әңгімесін «нәтижелі» деп атап, қосымша кездесу қажет еместігін мәлімдеді.

Айта кетейік, 16 қазанда Дональд Трамп Truth Social парақшасында Владимир Путинмен Будапештте кездесетінін айтып, соғыстан кейінгі сауда мәселелерін талқылауды жоспарлағанын хабарлаған болатын.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату