Бейнежазбада ол бейтаныс жолаушылардың қасына отыра қалып, олардың қолы не аяғынан әдейі сипағандай ұстайды. Мұндай әрекетін көпшілік арандатушылық деп бағалаған.
«Пранктің мақсаты түсініксіз, бірақ өзбек желісінде ашуға булыққандар көп. Себебі Ташкентте қоғамдық көліктегі жыныстық мазмұндағы қысым көрсету — әзілге айналдырар тақырып емес», – деп жазды Vaib.uzбасылымы.
Жергілікті заңға сәйкес, мұндай қылық үшін бес тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.
Айтпақшы, Аружан өз Instagram парақшасында Ташкент көшелерінде түсірілген басқа да «әлеуметтік эксперименттерін» жариялаған. Бірақ олар да көпшіліктің көңілінен шықпады.
Бұл – Айбекованың шетелде алғаш рет дау тудыруы емес. Бұған дейін ол Қытайда бейтаныс адамдардың телефонын «ұрлағандай» пранк жасап, жергілікті полицияның назарына іліккен.
Қыз жазадан құтылғанымен, елге оралған соң онымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, ол көпшілік алдында кешірім сұраған еді.