weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
20 қазан, 2025 / Жасмина Нурлан / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Трамп: Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату режимі әлі де күшінде

АҚШ президенті Дональд Трамп Газа секторындағы атысты тоқтату режимі сақталып отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы newsroom.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Президенттің айтуынша, Израильдің ХАМАС позицияларына жасаған соңғы әуе соққыларына қарамастан, келісім әлі де өз күшінде.

Трамп: Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату режимі әлі де күшінде
Фото: ВВС

АҚШ әкімшілігі Израиль мен палестиналық ХАМАС қозғалысы арасындағы атысты тоқтату туралы келісімнің жалғасып жатқанын хабарлады. Дональд Трамп бұл туралы Air Force One ұшағында журналистерге берген сұхбатында айтты.

10 қазанда екі тарап атысты тоқтату жөнінде келісімге келген болатын. Алайда 19 қазанда Израиль армиясы Газаның солтүстігіндегі Джабалия ауданына әуеден соққы жасап, мұны ХАМАС тарапынан келісімді бұзу әрекетімен түсіндірді.

Кейінірек Израиль бірнеше әуе соққысынан кейін атысты тоқтату режимін қайта жалғастырғаны хабарланды. Деректерге сүйенсек, соңғы тәулікте Газадағы қақтығыстар салдарынан 40-тан астам палестиналық көз жұмған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→