weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

13 жастағы қазақстандық шахматтан екінші рет әлем чемпионы атанды

Қазақстан шахмат федерациясының хабарлауынша, Марк Смирнов 2025 жылы Албанияның Дуррес қаласында өткен World Youth Chess Championships жарысында жеңімпаз атанды.

13 жастағы қазақстандық шахматтан екінші рет әлем чемпионы атанды
Фото: Қазақстан шахмат федерациясы

Өткен жылы ол 12 жасқа дейінгілер арасында (U12) алтын жүлде иеленген болатын. Биыл 14 жасқа дейінгілер тобына (U14) қатысып, тағы да қарсыластарынан басым түсті. Соңғы тур алдында қазақстандық спортшы рейтингтік фаворит саналатын қытайлық Цзян Хаочэннен жарты ұпай алда тұрған.

Шешуші ойында Марк тек жеңіске ойнап, поляк қарсыласы Петр Бжезинаны 34-ші жүрісте берілуге мәжбүр етті.

— Осылайша Марк Смирнов екінші дүркін әлем чемпионы атанды және халықаралық мастер нормасын екінші рет орындады, — делінген федерация хабарламасында.

Айта кетейік, бұл жарыс Қазақстан шахматшыларының тарихтағы ең сәтті нәтижелерінің бірі болды. Албаниядан барлығы үш медаль әкелінді: екі алтын және бір күміс. Марктан бөлек, алтын жүлдені Эдгар Мамедов жеңіп алса, күміс медаль Саует Нұрғалиевтің еншісінде.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→